ОҢТҮСТIКТЕГI IРI ЖОЛ АПАТЫ
Әр күнi орын алып жатқан жол-көлiк апаттарынан қаншама адам зардап шегiп, қаншасы қайғылы қазаға ұшырап жатады. Мұның басты себебi – жүргiзушiлердiң жол ережесiн сақтамайтындығынан.
Шiлденiң 2-i күнi «Бадам – Шымкент» тас жолында келе жатқан шағын автобус лық толы жолаушыларымен бiрге қарсы бағытқа шығып кетiп, ауыр жүк көлiгiмен соқтығысты. Қатты жылдамдықпен келiп соқтығысқан көлiктердiң талқаны шықты. Әсiресе, шағын автобустың сау-тамтығы жоқ. Автобуста барлығы 17 жолаушы болған. Апат кезiнде соның 10-ы бiрдей тiл тартпай кетсе, 1-еуi ауруханада көз жұмды. Қалғандары ауыр халде Шымкенттегi ауруханаға жеткiзiлген. Қаза болғандардың арасында 10 және 13 жасар екi жасөспiрiм мен 17 жастағы бойжеткен болған. Қалғандары 55 жасқа дейiнгi ересектер. Апаттың орын алуына шағын автобустың жүргiзушiсi себепкер болса керек. Оның айтысына қарағанда, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлiктiң алдынан табында жүрген сиырлар шыға келгенде рөлдi кiлт бұрып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Дәл осы сәтте жүк артқан ауыр «КАМАЗ» көлiгiнiң келiп қалғанын байқамай, сасқалақтап қалғанын айтады. Қазiргi кезде екi көлiктiң жүргiзушiсi мен автобустағы аман қалған 6 жолаушы ауруханада жатыр. Әртүрлi дене жарақаттарын алған олардың жағдайлары дәрiгерлер тарапынан қатаң бақылауда.
11 адамның өмiрiн жалмаған осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-тiң 296-бабы бойынша қылмыстық iс қозғалып, тергеу амалдары жүргiзiлуде