«ТАССАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

139
0

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Тассай» индустриялық аймағында биылғы жылы қосылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

«Тассай» индустриялық аймағында импорталмастыру мақсатында 2022 жылы 3 млрд. теңгеге 150 жұмыс орнын құрумен 4 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Іске қосылуы жоспарланған жобалар:

— «Dentafill Kazakhstan» ЖШС дәрілік заттар мен гигиеналық өнімдер шығаратын зауыт құрылысы, жобалық қуаттылығы жылына 20 млн дана медициналық және гигиеналық өнімдер шығару;
— «Bio Etica» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын шығаратын цех құрылысы, жобалық қуаттылығы жылына 1 млн. дана бұйымдар шығару;
— «Про-Тек-МП» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдар мен виварии сынақ зертханасының құрылысы;
— «SMART ENG» ЖШС Корпустық жиһаздар мен парталар өндірісі.