ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

107
0

Шымкентте көктемгі кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 2022 жылдың 3 және 17 мамыр аралығында жүргізіледі. Ағымдағы жылдың көктем және күз мезгілдерінде 33 504 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктердің аумағын, 2 272 680 шаршы метр өзендер мен каналдар аумағын залалсыздандыру жұмыстары жоспарлануда.

Аталған жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс-жәшіктеріне, өзен-каналдар аумағына жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысан иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. 2022 жылы кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 9 916,6 мың теңге қаржы қаралған.

Көпқабатты және жеке үйлердің тұрғындарының назарына кеміргіштерге қарсы қойылған арнайы қармақжемдерді бүлдіршіндердің ұстамауы мен үй жануарлары жеп қоюдан абай болу керектігін ескертеміз.