«ЖАС ДӘУРЕН» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

141
0

Қала әкімі М.Әйтенов күні кеше Еңбекші ауданының 2-ші секторына қарасты шағын аудандардың тұрғындарымен кездескен болатын. Аталған кездесуде көтерілген мәселелерді шешу мақсатында, бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен құзырлы басқармалардың жауапты мамандары «Жас дәурен» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, сонымен қатар, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының, аудан әкімшілігінің мамандары тұрғындармен бірге Темір жол өткелі және Жастар көшелерін аралап, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және үйлердің мекенжай нөмірлерін реттеу мәселелерінің шешілу жолдары қарастырылды.

Кездесуде белгілі болғандай ағымдағы жылы Жастар көшесі және Темір жол өткелі асфальтталды. Сонымен бірге Темір жол өткелінің мектепке баратын жолын жарықтандыру да жоспарда бар.Өткелдің қалған ішкі орам көшелері 2023 жылы асфальтталатын болады.