ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін «Фараб» кітапханасында өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша облыстық қорытынды кеш өтті.
Жиынды облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков ашып берді. Өз сөзінде кітапханашылардың атқарған жұмыстарына жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Шара жылдың үздік оқырмандарын марапаттаумен жалғасты. Басқарма басшысының орынбасары кітапхананың үздік оқырмандарын, «Алтын формуляр» иегерін марапаттады. Ал «Оңтүстікфильм» мекемесінің директоры Райхан Нарикова құттықтау сөз сөйлеп, «Бір ел – Бір кітап» және «12 айда – 12 кітап» байқауларының жеңімпаздарын сый табыстады. «Ақылды балаға – сыйлыққа ақылдым» жобасына белсене атсалысқан үздік кітапхана «Түркістан ТВ» арнасының продюсері Ұлмира Тоқсанбаева құрмет көрсетті.
Кітапхана директоры Жанат Шардарбекова қорытынды сөз сөйлеп, 2023 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар биылғы жылға арналған жоспармен бөлісіп, үздік аудандарды марапаттады.
Үздік оқырмандар қатарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 56 кітап оқыған оқушы бар. Ал бір жылда 89 кітап оқыған 9-сынып оқушысы 2023 жылдың «Алтын формуляр» иегері атанған. «12 айда – 12 кітап» байқауының бас жүлде иегері 11-сынып оқушысы Сабрина Махкам болса, «Бір ел – бір кітап» байқауының бас жүлдесі 9-сынып оқушысы Аяулым Маратоваға бұйырды. Сондай-ақ әртүрлі номинация бойынша аудандық кітапханалар жұмысы бағаланып, үздік атанды.