ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАДЫ

118
0

Шымкент қаласы көз ілеспес жылдамдықпен дамып, көркейіп келеді. Аумағы кеңейгеннен кейін көлік қозғалысының өзекті мәселеге айналары белгілі. Осы орайда, қалалық әкімдік тарапынан көшелерді кеңейту мен ұзарту жұмыстары қарқын алған. Атқарылған жұмыстар жайын қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі қадағалап, тиісті тапсырмаларды дер кезінде беріп келе жатыр. 

 

Бұл жолы шаһар басшысы Өтегенов көшесі жалғасының жұмысын тексерді. Көшенің І кезеңі  Шымкент сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 1,205 шақырым болса, ені 28 метрді құрайды. Жолдың жүріс бөлігі – 4 жолақты. Қазір жерді сәйкестендіру және қысымдау жұмыстары атқарылып жатыр.

 

Өтегенов көшесі жалғасының ІІ кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтиды. Жалпы ұзындығы – 0,970 шақырым, ені – 23,5 метр. Екі кезеңнің де құрылыс 2021 жылы басталып, 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.  Аталған құрылыс жұмыстар толық аяқталғанда Бәйдібек би даңғылының қазіргі көлік жүктемесі едәуір жеңілдемек.

 

Айта кету керек, қазір қалада 2 жолайрық салынып жатыр. Биыл Рысқұлов-Қонаев жолайрығы толық пайдалануға беріледі. Арғынбеков-Бәйдібек би жолайрығы-ның құрылысы басталды, келер жылы аяқталады. Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылы 64,7%-дан 2025 жылы 79%-ға жетеді. Әуе көлігі жолаушыларына қолайлы жағдай жасау үшін жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал салынып жатыр. Құрылыс аяқталған соң, жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін өседі.