СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 5 АЗАМАТҚА СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

133
0

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген.
Жыл басынан бері өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 5 тұлға көтермеленді. Олардың сыйақы мөлшері 900 мың теңгеге көлеміндегі қаржыны құрады.» — деді спикер.

Сондай-ақ, Жандос Сағындықұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығының жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру және өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге тәулік бойы хабарласа алады.
Мамандар хабарлама қабылдайды, кеңес береді және міндетті түрде Агенттік тарапынан тиісті шаралар қабылданатындығын атап өтті.