Саялы Сарыағашым

106
0

Саялы Сарыағашым құт-мекенім
Озге жерге ұқсамайсың білемін
Мен сенде туған бір қызың
Атыңды әлемге жар салып жүретін

Келес пенен Құркелестің бойында
Қанша жылғы аңызы бар тарихта
Шипалы суы менен атақты
Тұрғой менің Сарыағашым- саялы

Туған жерім қашанда ыстық маған
Қымбат маған әр талың,сая бағың
Асыр салып ойнап өскен жерім
Саялы-Сарыағашым құт мекенім

Жасмина Иулдашева
Ахмет Яссауи атындағы жалпы орта мектебі 11 ә сынып оқушысы