«ҚОҒАМДЫ ШАРАСЫЗДЫҚ БИЛЕП ТҰР»
— Ақын болғысы келетiн адам мемлекеттi басынан қуып шығуы керек. «Мешкей деген жақсы ат емес» демекшi, сарай ақыны деген жақсы лақап емес. Серiк Ақсұңқарұлының өлең жолымен айтсақ, «Мемлекеттiк барабандарды басымен ұрып жүргендер» бүгiнде аз емес. Мемлекеттiк тапсырыспен өлең жазып көрмеппiн. Алладан мемлекеттен ондай тапсырыс түспей-ақ қойса екен деп тiлеймiн. Ақындықтың бiрiншi миссиясы – шындықты айту. Шындық айтылып жатыр. Бiрақ оны тыңдайтын құлақ жоқ. Сондықтан қоғамды шарасыздық билеп тұр.
«Халық сөзi».