МАЯТАС ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

74
0

Бүгін Еңбекші ауданының Маятас тұрған алабында орналасқан №119 мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын AMANAT партиясының Еңбекші ауданының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда Гүлжайна Жартыбекова тұрғындарға Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтылған қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ, Ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығын айтты. Ұстаздар қауымы Жолдаудағы білім саласын ілгерілетуге қатысты айтылған ойларды ортаға салып, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруда өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен педагогтер Жолдауды қолдайтындарын жеткізді.

Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан маңызды құжатта айтылған басым бағыттар әуелгілерден болып өскелең ұрпаққа ұқтырылуы керек. Осы орайда, жуырда мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Ж.Тәшенов атындағы университетінде кездесу өтті. Жиынға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты. 1 қыркүйекте жарияланған жаңа бағдарламалық құжат әртүрлі салаларды қамтиды. Жолдаудағы өзгерістер әлеуметтік салаға да, бірқатар заңнамалық шараларға да әсер етеді. Қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев өз сөзінде Жолдаудың басым бағыттарын кеңінен әңгімелеп, «Еліміздің басты құндылығы – адам» екеніне ерекше тоқталды. «Ұлттық сипаттағы реформалар көп талқыланды. Қазақстандықтар 2024 жылдан бастап баланың шотына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызынан төлем түссе, мемлекет оларды қалай қолдауға болатынын белсенді түрде қарастыруда. Ал жастарға ең төменгі мөлшерлемемен – жылдық 2,5 пайызбен несие уәде етілді. Бұл несиелер он мыңдаған жас қазақстандықтарға кәсіпкерлікте бағын сынауға көмектесуі тиіс», — деді спикер.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент филиалының доценті Сәуле Рыспаева мемлекет алдында ашықтық, сенім және жариялылық арқылы жаңа Қазақстанды құру бойынша басым міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Бұл қоғамның негізгі құндылықтары. Сонымен қатар, біз ұлтаралық келісімді қорғауымыз керек. Айналамызда күрделі геосаяси және экономикалық жәйттер тұр, біз Қазақстандағы – тұрақты дамуды, бейбітшілік пен өркендеуді қастерлеп, бағалауымыз керек», — деді С.Рыспаева.