«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

120
0

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігермен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады.

🔷 Осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезге дейін 13,6 шақырымға кабель тартылды.

🔷 Станцияға 110 кВ-тық трансформатор, «Забадам» қосалқы станциясынан «Ақжар» қосалқы станциясына дейін ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 110 кВ-КЛ жабдықтары орнатылады.

🔷 Жоспар бойынша нысан құрылысы 2024 жылдың сәуір айында аяқталады. Жаңа қосалқы станция іске қосылғанда 50 мыңға жуық халық және сол аумақтағы бизнес объектілері сапалы электр қуатымен қамтылады.

🔷 Қала әкімі құрылысты аралау барысында тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, жұмыстың мерзімінде орындалуын қадағалауды тапсырды.