ТҮРКІСТАНДА ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

4788
0
Түркістанда кіші футболдан өткен әуесқой лига ойындарының жеңімпаздары марапатталды. Түркістан қаласы бойынша өткен жарыста 94 команда бақ сынады. Дода 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында өтті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков қатысып, ізгі тілегін арнады.
– Өткен жылды спорт саласы бойынша қаламыз жарқын жетістіктермен аяқтаған болатын. Бүгінде қаламызда 260-тан аса спорт нысаны тұрғындар игілігіне жарап тұр. Бұл нысандардың қатарын көбейтіп, әуесқой спортсүйер тұрғындар мен спорт саласына қолдау жалғасып, ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда, – деді қала әкімі өз сөзінде.
2023 жылдың әуесқой футбол лигасының күз — қыс маусымында суперлига бәсекесінде бірінші орынды «FC Allo.Pizza.kz» командасы еншілесе, «Яссы город» пен «Joldyn asty» командалары екінші және үшінші орындарды бөлісті. 35+ лигасында бірінші орынды «LFK Naqyp Altyi» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Түркістан MARKA.KZ» командасы еншілесе, «Жамағат» командасы үшінші орынға ие болды.