САЛАДА АТҚАРЫЛҒАН ШАРУА КӨП

91
0

Әлеуметтің әлеуетін арттыру – кез келген елдің басты мақсаттарының бірі. Осы орайда елімізде аталған салада атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең. Жыл басынан бері бір ғана Шымкент қаласында көптеген игі бастамалар көтерілді. Тарқатайық…

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 9 нысаналы индикатор бекітілген. 4 индикатор ресми статистикалық деректер арқылы алынады. Оның ішінде «Үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына арналған шығыстары» индикатордың жоспары – 46% болса, инфляция деңгейінің жоғары болуына байланысты 2022 жылдың 1 тоқсанында көрсеткіш – 47%-ды құрап, жоспардан асып отыр. Бұл көрсеткіш Шымкент қаласының статистика департаментінің арнайы әдістемесімен есептелінеді. Басқарма тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бойынша жұмыстар жүргізілмейді. Ал 5 индикатор ведомствалық деректер негізінде шығарылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасына қоныс аударған қандастарға «Қуатты өңірлер» ұлттық жобасы аясында 2022 жылға 982 адамға қандас мәртебесін беру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша 845 азамат қандас мәртебесін алған. «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке ісін ашқан адамдардың үлесін ұлғайту (Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ҰЖ). Адамдар бойынша 2022 жылға 40% құрайды. «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде қазіргі таңға 32,1% орындалды. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесін ұлғайту (Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ҰЖ) 2022 жылға 55% құрайды. Қазіргі таңға  9,2%-ға орындалды.Ағымдағы жылдың соңына дейін орындау жоспарлануда. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысатын кәсіпорындар құрамындағы жеке сектордың үлесін ұлғайту (Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ҰЖ) 2022 жылға 58% құрайды. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанындағы жобаның орындалу көрсеткіші 71%. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналасу деңгейін арттыру (Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ҰЖ) 2022 жылға 60% құрайды. Жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда.