ТИІСТІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ЕНГІЗІЛУІ: САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
![](https://uakit.kz/wp-content/uploads/2025/02/2-3-750x375.jpg)
Қазақстан Республикасында фармацевтикалық қызметтің сапасын арттыру мақсатында 2021 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы қабылдаған «Тиісті фармацевтикалық практиканы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, фармацевтикалық қызметті реттейтін жаңа стандарттар енгізілді. Бұл стандарттар дәріханалық, дистрибьюторлық және өндірістік практикаларға қойылатын талаптарды белгілеп, сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыруды мақсат тұтады.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық индустриясында GXP (Good X Practice) стандарттарының енгізілуі дәрілік заттардың барлық өндіріс процесін қамтиды: олардың өндірістен бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі барлық өмірлік циклі. Бұл стандарттардың енгізілуі дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар халықты сапалы және қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
GXP стандарттары фармацевтикалық саладағы қызметтердің халықаралық талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде ұлттық фармацевтикалық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оның халықаралық нарықта танымалдығын қамтамасыз етеді. Фармацевтикалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілген кезде халықтың денсаулығына оң әсерін тигізеді.
Бұл стандарттарды енгізу Қазақстандағы фармацевтикалық сектордың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, еліміздің тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен және дәрі-дәрмектермен қамтуда маңызды рөл атқарады. Осылайша, GXP стандарттарын қабылдау медициналық қызмет көрсету саласында үлкен өзгерістерге әкеліп, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттырады.