Бөлекбаевтың орны бөлек еді

267
0

Ермағанбет  Қабдоллаұлы Бөлекбаевтың  ОҚО Мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің  басқарма  бастығы  болып келгеніне  аса  көп уақыт өте  қоймаса да, жұртшылықтың  жылы  лебізіне бөленіп, өзінің  турашылдығымен, талапшылдығымен  ауызға   ілігіп  еді. Енді  орны  бөлек  Бөлекбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтың  пәрменімен  мемлекеттік  қызмет істері  жөніндегі  агенттіктің  Астанадағы   тәртіптік  кеңес  төрағасы  қызметіне  ауысты. Ал, ОҚО Мемлекеттік  қызмет істері  агенттігінің  басқарма  бастығына  Берік Айдарбекұлы  Бекжанов  тағайындалды.
Ол  1967  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысында дүниеге  келген. Әл-Фараби  атындағы  мемлекеттік университетін   заңгер  мамандығы  бойынша  бітірген. ҚР Парламент  Мәжілісінің   төртінші  шақырылымының  депутаты  болған. Бұл  қызметке дейін Берік Айдарбекұлы  Мемлекеттік  қызмет істері  жөніндегі  агенттіктің  құқықтық    қамтамасыз ету бөлімі  меңгерушісінің орынбасары қызметінде  болған. Бөлекбаев пен Бекжановқа  жаңа  қызметте сәттілік тілеп, «қызметтеріңіз өрлей берсін» дейміз.

Қыдыр ҚАЛИЕВ.