БАҚТИЯР ВАХАБЗАДЕНІҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

«Әдебиет және өнер» порталына Түрік мәдениеті мен мұрасы қорынан берілген мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 18 мамырда Қор президенті Актоты Райымқұлова Шеки қаласына жасаған сапары аясында Әзербайжанның Халық ақыны Бахтияр Вахабзаденің 100 жылдық мерейтойына арналған конференцияға қатысты.
Атап айтқанда, бұл конференция Әзербайжан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Илхам Әлиевтің Халық ақыны Бахтияр Вахабзаденің 100 жылдығын атап өту туралы Жарлығына сәйкес, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы мен Махмұд Қашқари атындағы Халықаралық қордың ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
Конференция басталмас бұрын қатысушылар Әзербайжан Республикасының Ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның жарқын бейнесіне терең құрметпен тағзым етті. Одан кейін олар конференция өткен Гейдар Әлиев атындағы орталықпен танысты.
Конференцияда сөз сөйлеген Түрік мәдениеті және мұрасы қорының президенті Актоты Райымқұлова Қордың түркі дүниесінің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау бағытындағы қызметі туралы баяндап, Әзербайжан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Илхам Әлиевтің Халық ақыны Бахтияр Вахабзаденің 100 жылдық мерейтойын атап өту туралы Жарлығына сәйкес Қор тарапынан жарық көрген «Өзімізді кескен қылыш» атты туындыны үлкен әдеби әрі рухани оқиға ретінде бағалады. Ол ақынның шығармашылығын «түркі рухының тірі үні» деп атады.
Ісшарада Әзербайжан Республикасы Шеки қаласы атқару билігінің басшысы Элхан Усубов, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты, Махмұд Қашқари атындағы Халықаралық қордың президенті Жаваншир Фейзиев, Мәжілістің халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыстар комитетінің төрағасы Сәмед Сеидов, еңбек және әлеуметтік саясат комитетінің төрағасы Муса Қулиев, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Иса Һәбиббейлі, Нәсими атындағы Тіл білімі институтының директоры Надир Маммедли, ТҮРКПА-ның Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Ер, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел, Қырғызстанның елшісі Максат Мамытканов, сондай-ақ Түркияның Әзербайжандағы елшісі Бирол Акгүн сөз сөйлеп, Бахтияр Вахабзаденің шығармашылығы жайлы кеңінен тоқталды.
Ісшара соңында Түрік мәдениеті және мұрасы қоры тарапынан Гейдар Әлиев атындағы орталықтың мұражайына Бахтияр Вахабзаденің Қор баспасынан шыққан «Өзімізді кескен қылыш» атты еңбегінің бірнеше данасы сыйға тартылды.