ГАЗ БАЛЛОНЫН ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНУДЫҢ ҚАҒИДАСЫ ҚАНДАЙ?
Тұрмыста газ баллондарын пайдалану кезінде қандай сақтық шараларына екпін түсіру керек. Ол қауіптің көзі болмас үшін неге мән беру керек?
Бұл сұрақтарға Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жауап береді, — деп хабарлайды uakit.kz.
Газ баллондарын сатып алғанда, орнатқанда және газ плиталарды пайдаланғанда келесі қағидаларды қатаң сақтау қажет.
Газ баллондарды өтіп бара жатқан машиналардан, жекеменшік үйлерден және кездейсоқ қоймалардан алмауды қаперіңізден шығармаңыз. Баллон сатып алғанда газ шаруашылығының атауы, баллон нөмірі, газбен баллон массасы міндетті түрде көрсетілген чек немесе талон талап етуді ұмытпаңыз.
Паспорттық табличканың, куәландырылған мерзімінің, сырдың қорғаныс қабатының бұзылуының барына, атмосфералық коррозияның барына, вентиль маховигінің бұзылуына, жарықшақтың, жапырылғанның, қуыстың барына, баллон корпусы немесе ілмек қондырғысында газдың ағып кетуіне, «Пропан» жазуының барына назар аудару маңызды.
Газ баллонын сатып алғанда газ баллондарын іске асыру бойынша фирманың қызметкерімен газ баллонның герметикалық қақпағы мен тығыздалған резеңке шығыршығын тексеруді, газ баллонның дәнекерлік тігін орындарының тұтастығын көрнекі қараумен тексеруді, газ құралдарын орнату мен жөндеуді тиісті құжаты бар мамандарға сеніп тапсыруды, сабын көпірігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке шлангысымен қосылған жерінде редуктордың герметикалығын тексеру де қауіпті алдын алудың қағидасы. Герметикалық емес қосуда сабын көпірігінде көбікшелер болады, бұл жағдайда газ баллонды қолдануға тыйым салынады.
Баллонның тығыздалған резеңке шығыршығының тұтастығына көзіңізді жеткізіңіз.
Резеңке шлангысының тұтастығын көрнекі тексеруді, герметикалық редукторды тексеру үшін ашық от қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Газ плитада газ каналдарының герметикалығын мерзімді тексеруді, газ плитамен жақсы желдетілген орынжайда ғана қолдануды, плита газ баллонының редукторын орнатқаннан кейін редуктор қақпағын ашуды, бұл орайда плита крандары жабық жағдайда болуы керектігін біле жүріңіз.
Газды жаққанда жанған сіріңкені алдымен шілтерге жақындатып, содан кейін кранды ашу керек.
Маңызды ақпарат!
Газ плитаны қараусыз қалдырмаңыз. Жанғыш сұйықтар мен заттарды плитада жылытпаңыз. Газ плитаны балалардың қолдануына сенбеңіздер. Плитаны таза ұстаңыз. Газ құбырлары мен құралдардың кемшіліктерін өз бетінше жөндемеңіздер. Плита үстінде кір кептірмеңіздер. Плитадан жаңғыш заттарды алып тастаңыздар. Газды қолданғаннан кейін газ құралында кранды және баллондағы вентилді жабыңыз. Газ иісінің жоқтығы мен газ шілтеріндегі оттың жоқтығына көз жеткізіңіз.