ШЫМКЕНТТІК НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ – ХХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстандық зілтемірші 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, шеберлігі мен жігерін жоғары деңгейде көрсетті.
Нұрғиса жұлқа көтеру сайысында 177 келіні, ал серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Осылайша қос сайыстың қорытындысы бойынша 394 келі көтеріп, Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі.
Бұл салмақта Иран өкілі Али Алипур 398 келі (180+218) көрсеткішімен алтын медальға қол жеткізсе, Қытай спортшысы И Ту 384 келі (179+205) нәтижесімен қола жүлдегер атанды.
Нұрғиса Әділетұлының бұл жетістігі – Шымкент спорт мектебінің жоғары деңгейдегі спортшылар даярлау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсететін маңызды белес.



