ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ГАЗ ҚОСУ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының Бозарық шағынауданындағы бірқатар үйге табиғи газ қосу мәселесі бойынша мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандарының тексеруі барысында пәтерлердегі газ жабдықтарын орнату және пайдалану талаптарына қатысты бірқатар техникалық сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, газ қазандықтарының түтін шығару құбырларының дұрыс жалғануы, газды ажырату крандарына еркін қол жеткізу, желдету жүйелерінің талапқа сай болуы және газ дабыл қаққыштарының орнатылуы маңызды екені түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, аталған талаптарды сақтау тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажет.
Үйлерге табиғи газ желісін қосу мәселесі анықталған техникалық сәйкессіздіктер жойылып, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталғаннан кейін белгіленген тәртіппен шешіледі. Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда.