Төңірек түгел «тарс-тұрс»

310
0

1-2Қазір қолдарына қару алып, бір-бірлерімен атысып жатқан жандар көп. Мектеп оқушыларынан бастап «дөкейлерге» дейін. Шымкенттің қай бұрышында болмасын, отты қарумен «ойнап» жүргендер жетерлік. Ол да мейлі-ау, тапа-тал түсте жарылғыш зат жарылып, жазым болып жатқандар ше? Сонда, бесіктен белдері шықпай жатып, қаруланған оқушылар бұл затты қайдан алуы мүмкін? Белдеріне жарылғыш пәлені байлап жүргендерді «қырағы көздер» қалай байқамайды? Оқиғаны болдырғаннан гөрі, алдын алған тиімді емес пе?

Шымкентте тағы бір жарылыс болды. Тағы деуімізге себеп, мұның алдында да дәл осыған ұқсас оқиға қайталанған. «Чапаевка» атанып кеткен қала іргесіндегі ауылда белгісіз біреулер қолдан жасаған жарылғыш затты тұрғын үйлердің бірінің қақпасы маңына жасырған. Қақпаны ашқан 65 жастағы қария мен оның 12 жасар немересі осы жарылғыш затқа ұрынып, жазым болды. Ауруханаға жеткізілген екеуі дәрігерлік ем-дом алған соң қария үйіне қайтарылып, немересі орташа дәрежедегі дене жарақатымен тиісті ем қабылдауға қалдырылды. Оқиға орнына шұғыл жеткен құқық қорғаушылар мен құтқару тобы мәселенің байыбына жету жолдарын қарастыруда.
Бүгінде күдіктілер іздестіріліп жатыр ҚР ҚК «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Уақыт» – ақпарат