Жемқорлар тоймады, Жегендерін қоймады

314
0

1-1Беттің арын белбеуге түйіп, Оңтүстіктің абыройын қайтсек көтереміз деп жүргенде, шенеунік – жемқорлар абыройымызды айрандай төкті, елге қарағысыз етті. Онсыз да жемқорлық жөнінен Қазақстанда топ бастап тұрған ОҚО мына масқарадан соң әлемде көш бастамаса болғаны. Сонда облыс әкімі А.Мырзахметов төңірегіне кімдерді топтастырып, кімдермен жұмыс істеген,кімге сенген?

«Бала бастық» Ә. Рабаевтан бастау алған қамалу, тергеу, қызметтен кету оқиғаларының ізі суымай жатып бүкіл елге Альмира Орманчинаның істеген ісі әйгілі болып, БАҚ біткеннің басты нысанасына айналды. «Әйел жолы – жіңішке» олар қылмыс жасай қоймас, жемқорлықтың ұйығына батпас деп жүрсек, «қыздың көзі – қызылда» екенін тым кеш ұқтық. Бәсе, ол неге ғана «майшелпек» орынтағынан жайдан-жай кете қойды десек… Мәселе  қайда жатыр?!
ҚР Қаржы полициясы агенттігі таратқан ақпаратқа сенсек, өмірінде қолына қалақ алып көрмеген ОҚО әкімшілігінің құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Альмира Орманчинаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.Оған бопсалау арқылы тұтынушы кооперативі директорынан облыс аумағында 3 емхана мен 1мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атану үшін 6 миллион теңге пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Егер тағылған айып дәлелін тауып, күдікті қылмыскерге айналса ше? Онда облыс әкімі Асқар Мырзахметовте, жалпы облыста қандай бедел қалмақ?
Егер параны алғаны рас болса, маңдайы терлемей, көлеңкеде отырып-ақ алты миллионды жамбасқа басқан Альмира ханымның әп-сәттік бұл табысын мектепте еден жуатын менің қатыным 23 жыл еңбектеніп, әрең табады екен. «Қатынның қулығына құрық бойламайды» деген осы-ау, шамасы!Жемқорлық адам талғамайды екен ғой, керек болса, жынысына да қарамайды.

Қыдыр ҚАЛИЕВ.