Елбасы ашқан нысандар тоқтап тұр. Тұяқбаев болса тым-тырыс

195
0

1 (2)«Оңтүстік» баспасөз орталығында ОҚО әкімінің баспасөз хатшысы Берік Уәли журналистермен «Елім менің…» кітабының тұсаукесер жиынын өткізді. Жиынға «Қазақстанның құрметті журналисті» белгілі қаламгер Байдулла Қонысбек қатысып, аталмыш кітаптың мәні мен мағынасына, саяси салмақтылығына қысқаша шолу жасады.
Астана қаласының 15 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйытқы болуымен дайындалған «Елім менің…» кітабына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет құрудағы, тәуелсіздікті орнатып, тұғырлы ету жолындағы тарихи толғамдары, тұжырымдары, өсиеттері, ұлағатты сөздері жинақталды. 294 беттік кітап 20 бөлімнен тұрады. Таралымы 1000 дана.
Елбасының ел өміріндегі әр түрлі мәселеге қатысты айтқан сөздері бүгінде нақылға айналып үлгергені жасырын емес. Президенттің тәуелсіздікті бағалау, Отанды сүю, Қазақстанның, соның ішінде қазақ халқының бүгіні мен болашағы, жастар мәселесі, ұлтаралық, дінаралық татулық, саясат, экономика, әлеумет, қауіпсіздік және басқа да көптеген салаларға, тақырыптарға қатысты айтқандары уақыт өткен сайын мән-маңызы артып отырғанын көрсетіп келеді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін айтылған сөздерінің маңыздылығын ескеріп, топтастыру осы кітаптың құрастырылуына себепші болды. Сонымен қатар, бұл кітап Елбасының тәуелсіз мемлекетті құрып, егеменді еңселі ел жасаудағы ерен еңбегінің тағы да бір айғағы екендігі даусыз,- деді Б.Қонысбек өз сөзінде. Б.Уәли осынау құнды дүниені баспаға даярлап, кітап етіп шығаруға үлес қосқан барша азаматтарға алғысын айтып, Оңтүстік өңірінің мақтанышына айналуы тиісті кітаптың көпшілікке берері мол екендігін тілге  тиек етті. «Елім менің..» кітабы облысымыздағы барлық кітапханаларға жол тартып, оқырмандар қолынан түспес құнды дүние болары анық.
«Уақыт»