Нарымбетовтың басына «қатерлі іс» түсті ме?

443
0

d2b4dbc5f70fba6108a46b4ad9d69a66

Біздің «Уақыт» газетінің редакциясына сенімді дерек көздерінен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетовтың пара алу үстінде қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түскендігі жайында және оның келісім арқылы жабылғандығы жөнінде тосын хабар келіп түсті.

Мұндай жайсыз оқиғаның жай-жапсарын білу мақсатында «Уақыт» тілшісі қала әкімі Дархан Сатыбалды мырзамен дерек хабарласуды жөн көрді. Өкінішке орай ол кісінің ұялы және қызметтік телефонмен хабарласудың мүмкіндігі болмады. «Уақыт» тілшісі бұдан кейін атына жайсыз әңгіме іліккен Б.Нарымбетовпен қызметтік ғана емес, жолдастық жақсы қарым-қатнаста тұратын және қаланың бір басшысы ретінде қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаровпен хабарласуды жөн санады. Мәслихат хатшысы «Уақыт» газетінің тілшісіне қайтарған жауабында мұндай жағдайдың болуы мүмкін еместігін және өзінің одан хабарсыз екендігін түсіндірді. Әзірге біздің білгеніміз қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов дәл бүгінгі таңда демалыс алып, шетелде жүргендігіне байланысты зертеу жүргізгенімізде, ол кісінің Малайзия елінде жүргендігі жөнінде сенімді деректер арқылы білдік. хабарласудың бұл кісімен де реті келмеді.
Шындығында да, бұл оқиғаның нақтылы шындығын әзірге ешкім толық мағлұмат арқылы айтып бере алмай отыр. Бірақ «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген қағиданы ұстана отырып, «Уақыттың» тілшісі нақты жағдайды білу мақсатында жекелей зерттеу жұмысын әрмен қарай жалғастыруда. Қандай да бір дерек мәлім болса, оны жария ету жоспарымызда бар.

ТҮЙІН:

Әзірге осынау ел аузындағы сөздің әлі кең таралмаған оқиғасы жөнінде көзге көріп, қолмен ұстаған ешнәрсе жоқ. Біз білетін Бахадыр Нарымбетов ондай жағдайға бара қоймайтын, басшы қызметкерлердің қатарында. Бірақ, «ол да пенде ғой, пенде қателесуі мүмкін» деген бір күдік тағы тасадан қылтияды. Кім білсін?
Осы көңілге түйткіл ұялатқан түйінді ойдың қорытындысында көңілді күптігей еткен бір мазасыз санадағы ойды айтпай кетуге тағы болмайды. Облыс әкімінің жылдық есебінен кейін аймақтағы саяси, басшылық ахуалда бір салқындық қалыптасып кететіндей сезіледі. Облыстың аумағына тән «кландар» арасындағы қазіргі үнсіз қақтығыс уақыт өткен сайын күрделеніп, қарым-қатынастары қоюланып жатқандығы сырт көзге әжептеуіәр байқалады. Мұның өзі бейне бір дауыл алдындағы тыныштық іспетті. Бізге жеткен сенімді дерек те соның бастамасы болмаса не қылсын?..

«Уақыт»