Оқырманның қатары селдіремеді


Өзінің оқырманымен етене араласып, бүгінге дейінгі 5 жылда байыпты басылымға айналған «Уақыт» 2016 жылдың ІІ-жарты жылдығындағы жазылым қорытындысы бойынша бұрынғы деңгейін толық сақтап қалды. Біздің оқырманымыздың саны – 9000! Сүйіншілеткен хабар қаламгер ретінде ұжымды да қуантты. Көптің сенгені жүгімізді ауырлатты, керісінше жүрегімізге ерекше бір жылылық ұялатты. Біз оқырманымыздың өзімізге деген құрметіне лайық болуды биік мәртебе санаймыз. Соған сай болар жұмыс істеуге барымызды салатындығымызға көпшілікті сендіргіміз келеді.