БАЛАБИЕВ – МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ

350
0

Өткен бейсенбі күні ОҚО мәслихатының кезектен тыс сессиясы бір жарым айдан бері бос тұрған мәслихат хатшылығына өңірге белгілі заңгер, кәсіпкер, Қайрат Рахымұлы Балабиевті сайлады.

Депутаттар жаңа хатшының кандидарутасына бірауыздан қолдап дауыс берді. Қайрат Балабиев заң ғылымдарының докторы. Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Аудан прокуроры, ОҚО және Жамбыл облысының покурорының орынбасары, Қызылорда облысы кеден комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Алтыншы сайланған облыстық мәслихаттың депутаттығына Сарыағаш ауданынан ұсынылып, сайлаушылардың толық сеніміне ие болған азамат. Соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы базарлар қауымдастығының төрағасы болып жұмыс істеген.

«Уақыт».