АБАЙ ІЛІМІ ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ

213
0

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» сияқты «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жорал¬ғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», деп айқын көрсетілген болатын.
Осы ретте, Төлеби аудандық кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туылған күніне орай «Абайды оқимыз» атты фестивалі өтті. Мерекелік іс шарада кітапхананың тұрақты оқырмандары Абай атамыздың қара сөздерін, лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқып қана қоймай, әндерін шырқады.
Сонымен қатар, ең ақылды балалар интелектуалды векториналық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Айта кетейік, шараға қатысушылардың арасында әр жастағы орындаушылар – ең кішкентайларынан бастап, Абайды сүйіп оқитын отбасылық әулеттерге дейін болды. Көрермен қауым әрбір қатысушыны ықыласпен қарсы алды. Қазіргі ұрпақ Абай туындыларына қызығып, оқып өсіп жатқандары қуантарлық жәйт. Іс-шараның соңында аудандық кітапхана қызметшілері барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыстады.
%d1%82%d0%be%d0%bb%d0%b5%d0%b1%d0%b8-%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b9-%d1%80%d1%83

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c