МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАРҚАТЫЛДЫ

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды кезекті қабылдау ұйымдастырылды. Бұл жолғы қабылдауды қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ерғали Білісбеков жүргізді. Кездесу әлеуметтік бағыттағы маңызды мәселелерді көтеруге, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға жедел жауап беруге арналған тиімді алаңға айналды.

Қабылдау барысында қала тұрғындары әлеуметтік қолдау, тұрғын үй мәселелері, денсаулық сақтау саласындағы қиындықтар және күнделікті тұрмысқа қатысты сұрақтар бойынша өз өтініштерін жеткізді. Әрбір келген азаматпен жеке түрде сөйлесу ұйымдастырылып, олардың мәселелері мұқият тыңдалды. Заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық тұрғыдан бағыт-бағдар берілді. Бұл – халықтың құқықтық сауатын арттырумен қатар, әрбір тұрғынның өз проблемасын шешуге мүмкіндік беретін маңызды тәжірибе. Ерғали Білісбеков қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің мән-жайын нақтылап, тиісті органдармен жедел байланыс орнатты. Нәтижесінде кейбір өтініштер сол жерде бірден шешімін тапты. Мәселен, құжат рәсімдеуге қатысты сұрақтар, әлеуметтік төлемдер жөніндегі түсініксіз жағдайлар, медициналық қызметке қол жеткізуге байланысты қиындықтар бойынша жедел әрекет жасалды. Бұл азаматтардың партиялық алаңға деген сенімін арттырып, қоғамдық қабылдаудың тиімділігін дәлелдей түсті. Ал қоса тексеруді, қосымша зерделеуді қажет ететін күрделі мәселелер арнайы хаттамаға енгізілді. Олар жауапты мемлекеттік мекемелерге жолданады және толық шешім қабылданғанға дейін бақылауда ұсталады. Бұл – партия тарапынан көрсетілетін тұрақты мониторингтің, азаматтардың мәселесін аяқсыз қалдырмау қағидатының нақты көрінісі.

Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындардың өтінішін уақытылы тыңдау ғана емес, олармен тікелей кездесіп, ашық диалог орнату, жергілікті деңгейдегі түйткілдерді жедел шешу. Партияның «Құқықтық көмек» жобасы осы бағытта маңызды рөл атқарып келеді. Жоба арқылы мыңдаған азамат әділдікке жол табуға, құқықтық мәселелерін заң аясында реттеуге мүмкіндік алып отыр. Мұндай қабылдаулардың тұрақты түрде өткізілуі – халыққа жақын болу, олардың күнделікті өміріне әсер ететін мәселелерді назарда ұстау және шешім қабылдау процесін жеделдету үшін аса маңызды. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері тұрғындармен ашық форматтағы кездесулерді алдағы уақытта да жалғастыратынын атап өтті. Бұл жұмыстар қоғамда азаматтық жауапкершілікті арттырумен қатар, мемлекеттік қызметтердің халыққа қолжетімді әрі түсінікті болуына ықпал етеді. Осылайша, партиялық қоғамдық қабылдау алаңы билік пен халық арасындағы көпір қызметін атқарып, азаматтардың нақты мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін пәрменді құрал ретінде өрістей түсуде.