МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ
Әр жылы жаңа оқу жылында ұйымдастырылатын жақсы дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп жасындағы балаларға көмек қолын созу.
Кеше, аудандық мәдениет үйінде, акцияның қорытындысмен аудан әкімі Бауыржан Омарбеков шараға өз үлестерін қосқан меценаттарға үлкен алғысын айтып Алғыс хаттарын табыстады, ал оқушылар өз кезегінде концерттік бағдарлама ұсынды.
Ауданымызда өткен «Мектепке жол» республикалық акциясына барлық деңгейдегі мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ мектеп басшылары қатысты.
Еске сала кетейік, 2018 жылы ұйымдастырылған акция кезінде материалдық көмекті 612 бала алды. Оның ішінде 420 балаға көмек бюджеттен бөлінді, ал қалған 192 балаға демеушілердің көмегі тиді.
Олардың арасында Алатаулық жалғызбасты әке Бағлан Темірбеков те бар. Әкімдік қызметкерлері бес баланың әкесі Бағлан Темірбековтің үйіне арнайы барып жаңа оқу жылына қажетті құралдар мен мектеп формасын табыстады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі