ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

156
0

Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелерін түсіндіру, қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында кездесу өтті. Кездесу Шардара қала, ауыл округтерінің қызметкерлері, қоғамдық кеңес, жергілікті қоғамдастық мүшелері, тұрғындардың қатысуымен өтті.
Кездесуді Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Алипов Бақтыбай Қиянбекұлы жүргізіп отырды. Шардара аудандық әкім аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Қошимова Қалдықыз мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталса, Шымкент қаласы қоғамдық кеңестің мүшесі, «Ару Аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ордабаева Бану қоғамдық кеңестер атқаратын жұмыстарына арнады. Ал, Шардара ауданды қоғамдық кеңестің хатшысы Ілесов Қыстау Інәйұлы қоғамдық кеңестің мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылау орнату, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпалына байланысты баяндама оқыды.«ОҚО ауыл жастары одағы» төрайымы Байзахова Сабира Мұратқызыжергілікті өзін-өзі басқарудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, пікір-ұсыныспен жалғасып, қорытындыланды.
103