ҚЫЗЫЛҚҰМДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ…

183
0

Қызылқұм ауылдық округінде Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Жанаевтың, Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Сатыбалдиевтың қатысуымен ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесу өткізілді.
Кездесуде Қызылқұм ауылдық округі бойынша жаңадан тағайындалған Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары (Блашев Қайрат, Жұмабеков Мұхит, Төлешов Ержан) таныстырылды. Сонымен қатар, кездесу барысында тұрғындарға құқықбұзушылықтың алдын-алу, оған жол бермеу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жиында Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Жанаев пен Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Сатыбалдиевтар сөзге шығып, бүгінгі таңда барлық жергілікті жерлерде қылмыссыз ауыл, спирттік ішімдіксіз ауыл атты атаумен арнайы іс-шаралар өткізілуде екендігін хабардар етті. Осы аталған іс-шараға сәйкес барлық ауыл тұрғындарын белсенділік танытуға шақырды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
(с) Қызылқұм ауылдық округі әкімінің баспасөз хатшысы.

104