ҚАЗЫҒҰРТТА КҮЙ БАЙҚАУЫ

197
0

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен жоспарына сәйкес, «Күмбірлейді домбыра» атты аудандық күйшілер байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру және қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойын атап өту, халықтың және өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, домбыра аспабын меңгерудегі кәсіби шеберліктерінің өсуіне ықпал жасау, өнерпаздарға кең жол ашып, қолдау көрсету.
Байқауда қазылар алқасының төрағасы саз мектебінің мұғалімі Темірбаев Нұрғали, мүшелері Қалбирова Айнур, Ордабаева Кәрәмат төрелік етті.
Байқауда 10 үміткер қатысты. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Ерімбетов байқауға қатысушы өнерпаздарға құттықтау сөз сөйледі.Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде қазығұрттық Шыршықбаев Мақсұтқа, І-орын шарапханалық Әміре Абдірашидке, ІІ-орын қарабаулық Сейдалиев Жандарға, ІІ-орын қақпақтық Ақай Аманжолға, ІІІ-орын қызылқиялық Ерболат Таласпайға, ІІІ-орын қақпақтық Баймұратов Дәуренге, ІІІ-орын рабаттық Ағабеков Абдіразаққа берілді.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

1