ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Облыс орталығы Түркістан қаласына арнайы бет бұрған Премьер-Министр ондағы құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-Министр Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар, департаменттер, медиа орталық, конгресс-хол, спорт кешені сынды ғимараттар салынатын алаңдарға барып, аталған нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Салынып жатқан әкімшілік нысандарды тексеруді аяқтаған соң, А. Мамин Президент тапсырмаларын дер шағында орындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын күшейтуді, қажет болған жағдайда қосымша жұмыс қолын тартуды тапсырды.
Салынып жатқан әкімшілік нысандарды тексеруді аяқтаған соң, А. Мамин Президент тапсырмаларын уақытылы орындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын күшейтуді және қажет болған жағдайда құрылысшыларды қосымша тартуды тапсырды.
инфрақұрылымды құру жұмыстарының жоспарларымен танысып, құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Түркістанда туризмді дамыту, оның ішінде ішкі туризмді дамыту мақсатында музыкалық субұрқақ, амфитеатр, аттракциондары А. Мамин «Түркістан — жаңа қала» шағын ауданын аралау кезінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысының басталуымен танысты. Жоба біртіндеп іске асырылады: 2019 жылы 44 үй, 2020 жылы — 52 үй пайдалануға беріледі. Жалпы, 2 977 пәтер «7–20–25» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ облыс әкімдігі жоспарлап отырған несиелік тұрғын үйдің жаңа бағдарламасы бойынша қолжетімді болады. Бұл көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге ықпал етеді. Премьер-Министр баспана құрылысы көлемдерін кеңейту келешегін зерделеу және қолайлы өмір сүруді қамтамасыз етуге заманауи технологияларды енгізу қажеттігін атады.
Айта кету керек, жалпы өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі биылғы қаңтар–ақпан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артқан.
Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік инфрақұрылымның салынып жатқан нысандарын, оның ішінде білім және ғылым саласындағы нысандарды тексерді. Сапар кезінде Оқушылар сарайының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың құрылыс алаңдары қаралды.
Түркі дүниесінің рухани-мәдени орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында А. Мамин қаланың тарихи-мәдени орталығын аралады. Қожа Ахмет Яссауи мұражайы, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы, «Ұлы дала елі» орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Бұдан өзге, Премьер-Министрге Түркістан қалашығын абаттандырудың тұжырымдамалық бас жоспары таныстырылды.
uakit.kz