ЖҮК КӨЛІКТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗ ЕРЕЖЕСІ БАР

196
0

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында облыстық маңызы бар жолдарда шамадан тыс жүк артқан және ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге қатысты рейдтік шаралар басталды, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты – автомобиль жолдарының сапасы мен  жол қауіпсіздігін сақтау.

Облыс әкімдігімен бекітілген іс-шараға сәйкес, шараға облыстық полиция департаменті, транспорттық прокуратура, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инпекциясы және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазығұрт ауданындағы біркүндік рейдттік тексеру нәтижесінде 5 хаттама толтырылып, заңды бұзған жүргізушілерге айыппұл салынды. Аталған рейдтік шара облыстық жолдарда жалғасатын болады.

uakit.kz