АРЫСТА ҚУАТЫ 14 МВТ БОЛАТЫН КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандарға аялдап, алдағы уақытта «Ауылым – алтын бесігім» жобасы аясында жүзеге асатын жоспарлармен танысып қайтты.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Одан бөлек, облыс басшысы «KazGreenTekSolar» ЖШС-не тиесілі күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін стансасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Франциялық «УрбоСолар» компаниясымен бірлескен жобаға жеке және Еуропалық даму банкінен 7 млрд. теңге қаралған. Стансаның жалпы аумағы 30 гектар жерді алып жатыр. Алдағы уақытта күн электр стансасы 14 мВт электр қуатын өндіретін болады. Жоба іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмысқа орналасады.
uakit.kz