ПЕНТАГОНҒА ӘСКЕРИ БЮДЖЕТТІ ҚЫСҚАРТУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ БЕРІЛДІ

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Пентагон мен армияның жоғары лауазымды шенеуніктеріне бюджетті қысқарту жоспарын әзірлеуді бұйырды, деп хабарлайды ВВС. 

Бұл туралы ресми тұлғаларға сілтеме жасап Washington Post газеті жазды.

Тілшілер танысқан құжатқа сәйкес, жоспар алдағы бес жылда қорғаныс бюджетін жыл сайын 8 пайызға қысқартуды көздеп отыр.

Жоспар 24 ақпанға дейін дайын болуы керек. Пентагон басшысының меморандумында Трамп әкімшілігі жойғысы келетін 17 санат көрсетілген.

— Олардың арасында АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы операциялар, ядролық қару мен зымыранға қарсы қорғанысты жаңғырту, сондай-ақ сүңгуір қайықтар, шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтар және басқа да оқ-дәрілерді сатып алу бар, — деп жазды WP.

Пентагонның 2025 жылға арналған бюджеті шамамен 850 млрд долларды құрайды, деп еске салады басылым.