«ҚАЛАНЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЭВАКУАЦИЯЛАУ КЕРЕКТІГІН ҰҚТЫҚ» облыс әкімі Арыстағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

249
0

Арыстағы жарылысқа байланысты жағдай бойынша Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеме жасады. Бұл туралы uakit.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Әскери бөлімде жарылыс болды. Сағат 09.20 кезінде хабарлама түсіп, төтенше жағдай жарияланды. Жақында орналасқан барлық аудандар мен елдімекендер жұмылдырылды. Қазір оқиғаның ауқымына баға бере отырып, қаланы толығымен эвакуациялау керектігін ұқтық. Сондықтан, барлық бағыт бойынша көліктер легі өтеді. Көліктер адамдарды тиеп алып, арнайы лагерьлерге орналастыратын болады. Барлық аудан әкімдері лагерьлерді ұйымдастыруды қолға алып, келгендердің тізімін жасауы керек. Әрбір әкімге тапсырма: келгендердің бәрін үйге немесе қонақүйге орналастыру керек. Әрбір лагерьді аудан әкімдері басқарады. Қазір эвакуация мәселесі бар. Біз сонымен айналысып жатырмыз», — деді Өмірзақ Шөкеев.

Естеріңізге сала кетсек бүгін Арыстағы 44856 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында жарылыс орын алды. Осыған байланысты арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше жағдай аймағында жұмыс істеуде.
uakit.kz