ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаладағы Оқушылар сарайы мекемесінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Жиында басқарманың инженерлері мекеме қызметкерлеріне қызметтік жайларда сақталуы тиіс келесідей өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.

Өрт сөндіргіштерге, өрт крандарын қол жетімді ұстамауға, жобада қаралған есіктерді алып тастауға, эвакуациялау жолдары мен шығу жолдарын әртүрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, қалдықтармен, қоқыстармен және басқа заттармен толтыруға, эвакуациялық шығулардың есіктерін жабуға, авариялық шығу есіктерін құлыптармен жабуға тыйым салынады.

Электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәртібін ұмытпау керек. Атап айтқанда, зақымдары бар қуат сымдары мен розеткаларды пайдалануға, электр шамдары мен шамдарды қағазбен, шүберекпен және тағы басқа жанғыш материалдармен жабуға, лампаның конструкциясында көзделген  плафондарды алып тастауға, қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар тұрмыстық электр аспаптарын, оның ішінде күту режимінде тұрған электр аспаптарын қараусыз қалдыруға, желінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін бір электр розеткасында қуаттылығы жоғары аспаптар мен жабдықтарды қосуға болмайды.

Жұмыстың соңында үй-жайды тексеру мен жабу тәртібін қаперден шығармаңыз.

Жұмыс күнінің соңында үй-жайдан соңғы шыққан адам ү- жайды өрт қауіпсіздігі бойынша тексеруге міндетті. Жарықтандыруды өшіру, электр кеңсе жабдықтары мен электр құрылғыларын электр желісінен ажырату, терезе желдеткіштері мен фрамугаларды жабу, есікті бекіту, бөлменің терезелерін қоршау, жылыту қондырғыларынан жанғыш  материалдарды алу қажет.

Ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету, өрт сөндіру түтікқұбырын толығымен жайып, оқпанды өрт көзіне бағыттап, оны мықтап ұстау кеек.

Кернеу астында тұрған электр қондырғыларын сөндіру үшін ішкі өртке қарсы суды пайдалануға тыйым салынады. Өртті сөндіру үшін дұрыс құралды тиімді пайдалану үшін тек өрт сөндіргіштерді пайдалану ережелерін оқып қана қоймай, алдымен белгілі бір құрылғыға арналған нұсқаулықты зерделеу қажет.

Өрт сөндіру құралдары екігі бөлінеді.

Біріншісі, қол көмегімен жұмыс істейтін құралдары. Атап айтқанда құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар, химиялық көпіршікті от сөндіргіштер, ұнтақты отсөндіріштер, көміроттекті отсөндіріштер, хладонды отсөндіргіштер, құрама отсөндіргіштер.

Екіншісі өртке қарсы жүйелер. Атап айтқанда сумен жабдықтау жүйелері, көпіршікті генераторлар, автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері.

Өрт сөндіргішті қолданып болғаннан кейін оны қайтадан зарядтау немесе жаңасымен ауыстырып, қайтадан орнына қою керек.

Өрт кезінде қызметкерлердің әс-әрекеті: түтінді, температураның көтерілуін, жану иісін немесе өрттің алғашқы белгілерін алғаш байқаған қызметкер өртке қарсы қызметтің 101 телефонына немесе 112 бірыңғай телефон нөміріне хабарласу қажет.

Басқа қызметкерлерге қауіп туралы хабарлау үшін, оқиға туралы жоғары тұрған басшыға хабарлау, сондай-ақ өрт туралы қауіпсіздік бекетіне хабарлау үшін қолмен өрт дабылдарын пайдалану қажет.

Бөлмеден шыққан кезде оттегінің отқа түсуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабу қажет.

Маңызды ақпарат!

Төтенше жағдайлар қызметінің үй-жайға кіруін жеңілдету үшін есіктерді құлыптауға тыйым салынады.