АРЫСТЫҚ ӨРЕНДЕР БАТЫС ПЕН ШЫҒЫСҚА ДЕМАЛЫСҚА АТТАНДЫ

222
0

Кеше  Арыс қаласының 50 баласы Батыс Қазақстанға, ал 150 оқушы табиғаты таңғажайып Шығыс Қазақстан облыстарына демалысқа жіберілді, деп хабарлайды uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушыларды ата-аналары мен ұстаздары Арыстағы темір жол стансасынан шығарып салды.

Бұған дейін арыстық оқушылар Павлодар (129), Ақмола (145), Жамбыл (200), Алматы облыстары (150) мен Нұр-Сұлтан (200) қаласына демалысқа жолданған болатын.

Жалпы осы жазғы демалыста Арыстың 4 мыңнан астам оқушысын өзге өңірлерге демалысқа жіберу жоспарланған. Қазіргі таңда 1 мыңнан астам оқушы демалысқа жіберілді. Сонымен қатар Түркістан облысының аудандары 462 баланы жазғы сауықтырумен қамтуда.

uakit.kz