ТҮРКІСТАН ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

160
0

Кеңес өкіметі кезінде тарихымызға жасалған қиянаттың салдарынан, оның алдында Қоқан билігі мен патшалы Ресей билігі тұ¬сын¬да¬ғы қасақана әрекеттерден құлпытастардың барлығы дерлік жойыл¬ған. Түркістанда жерленген тұлғалардың көпшілігінің аты-жөндері бел¬гі¬сіз, құлпытастары жойылып, дерек-мәліметтер аз қалған. Қ.А.Ясауи кесенесіне жер¬ленген тұлғалардың ұрпақтары мен мұражай қызметкерлерінің ізденулерінің арқасында тұлғалар жайлы біршама деректер жиналған.
Қ.А.Ясауи кесенесі ғимаратының жоспары мен құрылысына Әмір Темірдің өзі тікелей басшылық еткен. Кесене құрылысы жайлы деректерде былай деп жазады: “Әзірбайжан, Парсы, Үнді және т.б. елдерден әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам тас өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң жазалап отырған.
Алғаш р%d1%82%d2%af%d1%80%d0%ba-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8cет 1999 жылы кесенеге және кесене маңына жерленген тұл¬ға-лардың тізімі жасалып, тақтаға жазылып, экспозицияға шыға¬рыл¬ды. Қазіргі таңда 200-ден астам адам жерленгендігі бел¬гілі болып отыр.
Ахмет Ясауи кесенесінде 25 қазақ хан-сұлтандары (хандар – 21, сұлтандар – 4), 26 би-абыздар мен 49 батыры және 61 игі жақсылары жерленді. Кесене маңындағы арнайы даярланған мазарларда хан сүйектері жерленіп, кейіннен мазарлар қиратылған соң, басына қойылған құлпытастар кесене ішіне қайта қойылған.
Кесене 1978 жылдан бастап мұражай ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1989 жылы ол «Әзірет Сұлтан» деп аталып, мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы болып қайта құрылды, оның құрамына 19 тарихи ескерткіш енгізілді.
Туризмді дамыту мақ¬сатында мұнда қолөнер орта¬лығы іс¬ке қосылған. Бұдан бөлек, 200 орынға арналған туристерге қыз¬мет көрсету орталығы бар.
Осыдан 30 жылдай уақыт бұрын Түркістанда 80 мыңнан астам халық өмір сүрсе, 2016 жылғы соңғы дерек бойынша олардың саны 250 мыңнан асып жығылады.