ЗЕЙНЕТАҚЫ ТҮРМЕДЕГІЛЕРГЕ ДЕ ТӨЛЕНУ КЕРЕК
Өзбекстан парламенті төменгі палатасының депутаттары осындай тоқтамға келіп отыр, деп хабарлайды uakit.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Әлемдегі Испания, Чехия, Норвегия, Франция, Португалия, Германия, Греция, Нидерланды, Швеция, Украина сынды елдеріндегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар зейнет жасына жеткен жағдайда мемлекет оларға өздеріне тиесілі зейнетақысын үлестіреді. Ал бірқатар Еуроодақ елдері мен Беларусь, Ресей мемлекетінде жазасын өтеушілердің зейнетақысының 20 проценті шартты шығындар үшін атап айтқанда тамақ, киім-кешек алу үшін шегеріледі.
Осы жәйттерді негізге ала отырып Өзбекстан Республикасының төменгі палатасының депутаттары түрмеде жазасын өтеушілерге бірқатар заң жобасына өзгерістер енгізу арқылы зейнетақы тағайындауды ұсынды.
Парламент депутаттары зейнет жасына жеткен, бірақ түрмеде жазасын өтеп жүргендерің зейнетақысын тоқтату адамдыққа жатпайтынын алға тартты.
Олардың бұл ұсыныстары бойынша жоғарыдан әлі нақты шешім шығарылған жоқ.
Қазіргі таңда Өзбекстан елінде түрмеге тоғытылғандардың мыңға жуығы зейнет жасына жеткендер екен.
uakit.kz