ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 24 КӘСІПОРЫН АШЫЛҒАН

157
0

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Шымкентте соңғы  үш жылда 24 кәсіпорын ашылды.

Бұл туралы тікелей әкімнің есеп беру жиынан uakit.kz  тілшісі мәлімдейді.

Стратегиялық бағдарлама аясында іске қосылған сол  кәсіпорындар 1300 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыды.

Әкім өз есебінде есепті мерзімде жоспарлы индикаторларға қол жеткізілгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, былтыр қалада өнеркәсіп өнімі 2018 жылмен салыстырғанда            15 пайызға өскен. Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімі 6,3 пайызға, тұрғын үй құрылысы 19,2 пайызға, ал, бөлшек сауда 7,1 пайызға артқан.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Шымкент қаласының әкімі 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халыққа есеп беру жиынын өткізіп жатыр. Жиын Шымкенттегі «Түркістан» сарайында өтуде.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз