МАҚТААРАЛДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ
«Киелі мекен» апталығы аясында Мақтааралда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориалдық кешен аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан әкімі Б.Асанов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Қанаев және ауданның белсенді жастары қатысты. Іс-шара барысында мемориалдық кешен аумағы шөптер мен күл-қоқыстан тазарып, әктеу-сырлау жұмыстары атқарылды. Жалпы сенбілікке 200-ден астам адам қатысты.
«Республикалық экологиялық акцияның екінші апталығында біз құнды жәдігерлерімізді күтіп ұстап, оны өскелең ұрпаққа қадірлеп-қастерлеуді үйретудеміз. Әрбір ескерткіште үлкен тарих жатыр. Біз оның айналасын тазалау, абаттандыру арқылы ата-бабаларымызға, тарихымызға және тарихи тұлғаларымызға құрметпен қарайтынымызды көрсетеміз» — дейді, аудан әкімі Бақыт Насырханұлы.