КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ 93 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРА КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ 93 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРА КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Биыл Қазақстанда 93 халықаралық конференция мен көрме өткізу жоспарланған. Алайда әлемді алаңдатқан коронавирус дертіне байланысты ол шаралардың барлығы кейінге шегерілетін болды.

Бұл туралы отандық Atameken Business телеарнасы World EXPO сайты таратқан мәліметке сүйеніп жариялады.

Осы жылға жоспарланған ол 93 халықаралық шараның көпшілігін атап айтқанда 54-ін Алматы қаласында өткізу белгіленген. Ал 28 халықаралық шараны өткізу Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған.  Ал 2 шара Шымкентте ұйымдастырылуы тиіс еді.

uakit.kz