ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ГЕРМАНИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

421
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маркерт Кристианамен кездесті.

Бұл туралыШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде екі жақтың қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығы сөз болды.

Бұған қоса Шымкент пен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары екенін айтқан қала әкімі Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов Шымкенттің экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуеті туралы мәлімдеді.

Бас консул өз кезегінде неміс компаниялары мегаполисті дамытуға арналған әртүрлі жобаларға қатысуға дайын екенін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастық берік, әрі сенімді әріптес екенін жеткізді.

uakit.kz