МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АЛДАҒЫ ДҮЙСЕНБІДЕН БАСТАП ҚАКАНИКУЛҒА ШЫҒАДЫ

194
0

Мектеп оқушылары 21 наурыздан емес, 16-сынан бастап каникулға шығады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды uakit.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шараларды әзірледі.

«Күні кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуына байланысты жағдайды пандемия деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар берді. Сол бойынша бүгін комиссия бірқатар нақты шешімдер қабылдады. Алдымен 13- наурыздан бастап көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады», — деді Тоғжанов елордада өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, барлық қоғамдық орындар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимге көшеді.

«Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салу, қоғамдық көлікті жуу мен дезинфекциялау, орта білім беру ұйымдарының каникулға 2020 жылдың 16-наурызынан бастап 5-сәуір аралығында шығуын қамтамасыз ету, 16-наурыздан бастап колледж бен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру, 1″а», 1″б», екінші және үшінші санаттағы елдерге халықаралық спорттық, мәдени туристік шараларға тыйым салу сияқты уақытқа шаралар қабылданады», — деп атап көрсетті Тоғжанов.

Айта кетейік, жоспар бойынша мектеп оқушылары 21- наурыздан бастап каникулға шығуы тиіс еді.