ЖЫЛЫЖАЙ ӨНІМДЕРІ «ӨНДІРУШІДЕН-ТҰТЫНУШЫҒА» ПРИНЦИПІМЕН САТЫЛУДА

263
0

Шымкенттегі жылыжайларда жиналған өнімдер «Өндірушіден –тұтынушыға» принципімен тұрғындарға делдалсыз сатылуда. Бұл үшін жылыжай иелеріне «Қазыбек» базарынан арнайы орындар берілген. Өз кезегінде бұл Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.

Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мәлімдейді.

Бүл каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен жүргізілген келіссөздер негізінде жүзеге асып отыр.

Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Сөйтіп қала тұрғындары көкөністерді қолжетімді бағада алуда.

Мәселен, тұрғындар делдалдар арқылы қызанақтың келісін 800 теңгеге алса, қазір 350-500 теңгеден, ал қиярды 500 теңге орнына 150-300 теңгеден сатып алуда.

Шымкентте жылыжай көлемі 183 гектарды құрайды. Оның 53 гектары – өнеркәсіптік. Қалада жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында көліктік логистикалық аймағы жанынан 136 гектар жер қарастырылып, 100 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынбақ.

Сондай-ақ, алдағы уақытта жылыжай өнімдерін қаладағы ірі сауда орындарына да тікелей жеткізіп беру мүмкіндіктері қарастырылуда. Бұл жергілікті өнімнің сатылу құнын төмендетіп, қала тұрғындарының көкөністі делдалсыз қолжетімді арзан бағада алуына мүмкіндік береді.

uakit.kz

Фото: ашық дереккөз