АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛДІ

380
0

Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округі, Тың ауылының диқаны Бекжігіт Мүйтенбаев ерте көктемде 1 гектар жерге қарбыз еккен болатын. Енді сол жерден ол 25 тонна өнім жинап, оны Ресейге жөнелтіп отырған жайы бар. 

Пленка астында піскен қарбыздың «Долбый»  атты бұл сорты 70 күнде пісіп шыққанмен, үлкен ептілік пен шыдамдылықты  талап етеді. Бұл туралы Бекжігіт Мүйтенбаев «өнімді екі қабат пленка астына ектік. Ауа-райы қолайсыз болған кездерде қатты уайымдайсың. Біздің жұмысымыз тәуекелге толы ғой. Тәуекелге бармасаң тағы болмайды. Бірақ, барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты»,-дейді.

Жалпы биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданында ауылшаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егілді. Соның 10 636 гектарына пленка астындағы қауын, ал 2819 гектарға қарбыз егілген. Таяу күндері аудандағы 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны піскелі тұр.
uakit.kz