ШЫМКЕНТ: Жүргізуші куәлігін рәсімдеудегі 5 қадам

124
0

Жүргізуші куәлігі – еліміздің мамандандырылған ХҚО-ларында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі, деп жазады uakit.kz.

Көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алғаш рәсімдеушілерден бірнеше құжат қана талап етіледі. Осыған қарамастан, азаматтардың көпшілігінде құжаттарды жинау және емтихан тапсыру туралы сұрақтары туындайды. Барлығын қалай дұрыс рәсімдеу қажеттігі туралы редакциямызға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.
Белгілі болғандай, жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін тек 5 қарапайым қадам жасау керек:

1-қадам
Көлік жүргізушісі курстарын үйрететін мектепті тауып, нұсқаушымен бірге көлік жүргізіп машықтаныңыз. В категориясына жол ережесін өз бетіңізше де үйрене аласыз.

2-қадам
Құжаттар жинау.
Қажетті құжаттар:
жеке куәлік,
073 үлгісіндегі медицианылқ анықтама,
автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда)
мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек – баж мөлшері 1,25 АЕК.

3-қадам
Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханнан сәтті өткеніңіз.

4-қадам
Автодромдағы практикалық емтихан. Егер теория сәтті тапсырылса, сізді практикалық емтихан жібереді. 20 минут ішінде 12 жаттығу ережелерін дұрыс өту керек.

5-қадам
Дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі.

Бұл ретте eGov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыруға, автокөлікті қайта рәсімдеуге, мемлекеттік нөмірді таңдауға, тіркеуге, көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі қолжетімді екенін ескертеміз.

2021 жылдың 11 айында Шымкент қаласындағы Мамандандырылған ХҚО арқылы 76 мыңнан астам жүргізуші куәліктері берілді.

Анықтама:
Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а.
№2 арнайы ХҚО: 119 квартал, 381/1, Ташкент айналма жолы.
№3 арнайы ХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт»
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.