ШУЛЫ ШАРДАРАҒА ҚЫСТАУОВ ӘКІМ БОЛЫП БАРДЫ


Осы күнге дейін «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарып келген Болатбек Дүйсенбекұлы Қыстауов Шардара ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев таныстырып, Қыстауовтың жұмысына табыс тілеп, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтсақ, ауданға инвестиция тарту, туризм саласын дамыту, жұмыссыздық азайту, шағын және орта бизнеске қолдау білдіріп, кәсіпкерлікті дамытуды және ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды қолдана отырып Шардараның потенциалына қарап даму жоспарын жасап, облыс әкімдігіне ұсынуды тапсырды.

Жаңа әкім өңір басшысына алдағы уақытта берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындалатынын, өзіне артылған сенімді ақтайтынын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ