Түркістанда «Наурызнама» шарасы өтіп жатыр

182
0

Бүгін ТҮРКСОЙДЫҢ Әзірбайжан елінің Шеки қаласында былтырғы жылы өткен тұрақты кеңесінің отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы қабылданған шешімге байланысты Түркістан қаласында салтанатты іс-шара ашылып, Наурыз мерекесіне арналған «Наурызнама» өтіп жатыр.
20170321_115833-1

Оған Түркі елдерінің тағдырын тоғыстырған киелі Түркістан төріндегі дүбірлі шараға 15 мемлекеттен келген Түркітілдес 25 ұлттан тұратын 300-ге тарта шетелдік қонақтар, халықаралық ұйым өкілдері, қазақстандық зиялы қауым жəне өнер тұлғалары мен оңтүстікқазақстандық тұрғындар, жалпы 10 мыңға жуық адам қатысты.
20170321_105511

Олардың ішінде, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы мен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтер сынды əр елдің жоғары лауазымды ресми өкілдері бар. Салтанатты шарада сөз бастаған облыс əкімі Жансейіт Қансейітұлы: «ТҮРКСОЙ ұйымы түркі əлемінің мəдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылдан бастап іске асырып келеді. Мұндай құрметке бұған дейін еліміздің бас қаласы Астана, Түркия Республикасының Ескішаһар, Татарстанның Қазан, Түркіменстанның Мары, Əзірбайжанның Шеки қаласы ие болған. Өткен жылдың соңында Шеки қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мəдениет министліктері, түркі əлемінің белді халықаралық ұйымдары мен мəдениет қайраткерлері қатысқан ТҮРКСОЙ-дың Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысы өткізілген болатын. Тұрақты кеңесте «Түркістан — Түркі əлемінің 2017 жылғы мəдени астанасы» етіп бекіту туралы шешім қабылданған.

20170321_115723-1

Аталған Кеңеске Қазақстан Республикасының атынан қатысқан өкілдері Шеки қаласынан эстафетаны қабылдап алды. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы үшін үлкен құрмет». Салтанатты жиында Түркітілдес мемлекеттердің əлем халқын бірлікке, достыққа, бейбітшілікке шақыруға арнаған Үндеуі қабылданды.

Дастан БАШИРОВ,
Қазыбек ЖАҚСАНОВ.